Референдумға дейін:
22
күн
21
сағат
44
минут

Бір дауыс – мың ел: Алматыда Димаштың жеке қорындағы музыкалық аспаптары қойылған көрме ашылды

Іс-шара соңында Димаш Құдайберген бала күнінен қолданған жеке домбырасын музей қорына салтанатты түрде табыстады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі төрінде «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Экспозицияға әнші, композитор, Димаш Құдайбергеннің жеке қорындағы 70-тен аста музыкалық аспабы қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың әрқайсысы – өнер иесінің өмір жолынан сыр шертетін, сан қырлы шығармашылығын айғақтайтын айрықша мұра.

«Бүгінгі көрменің негізгі мақсаты – әлеміндегі әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің музыкалық жеке коллекциясындағы халық аспаптардың көрмесін ұйымдастыра отырып, қазақ халқының музыкалық мәдениетін насихаттау. Бұл көрме 1 ай, 2 ай ашық, қала тұрғындарын, қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!» – деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Салтанатты іс-шара барысында әлемдік музыка жұлдызы Димаш Құдайбергенге бүлдіршіндер әсем әндерін арнап, кештің көркін қыздырды. Артынша сахна төріне көтерілген әнші көрмеге қойылған жәдігерлеріне жеке тоқталып, олардың шығармашылық жолындағы маңызы туралы әңгімеледі. Іс-шара соңында ол өзінің бала күнінен қолданған жеке домбырасын музей қорына салтанатты түрде табыстады. Бұл – Димаштың өнерге, ұлттық мұраға деген құрметінің жарқын көрінісі дейді анасы.

Айта кетейік музей ұжымы да әлемдік деңгейде танылған вокалистты құр қол қайтармай, Абай Құнанбайұлы ұстаған домбыраның көшірмесін сыйлады.

«Димашқа сыйланған аспаптардың ішіндегі ең алғашқысы – Беларусь фанклубының сыйлаған «Гуслиі». Қазіргі таңда аспаптардың саны біразға жетіп қалды. Ықылас музейіне соның ішінен жетпіс қана аспап әкелдік. Әлемнің әр түкпірінен, Кубадан, Ирландия, Малайзия айнала көршілес елдердің аспаптары өте көп. Әрқайсысы мықты шеберлердің қолымен жасалған. Енді Ықылас музейімен бірлесе әдемі жобаны бастадық», – деді Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтпаева

Оқи оытырыңыз: Мәдени қауымдастық конституциялық реформаны қолдады

Новости партнеров