Дроппер: Алматыда 4 азаматты қамауға алынды

Былтыр қалада  800-ден аса алаяқтық жолмен жасалған қылмыс әшкереленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда былтыр 800-ден аса алаяқтық жолмен жасалған қылмыс әшкереленіп, жапа шеккендерге 700 миллион теңге кері қайтарылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, әккілер алаяқтық тәсілдерін жиі өзгертетін болған. Бұл ретте олармен күрес қарқыны да күшейтілді.

«Қоңырау шалушылардың айла-тәсілі өзгерді, өзгереді. Олар басында банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласатын, қазір олар өздерін құқық қорғау органы қызметкері ретінде, емханадан, ұялы операторлардың атынан таныстырады.  Олардың мақсаты – сіздердің ақшаларыңызды құрықтап алу», –  деді Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Былтырғы нәтижелерді қоса есептегенде, осы күнге дейін киберқылмысқа қарсы күрес мамандарымен 3400-ден астам профилактикалық акция өткізіліп, 90 мыңға жуық мессенджер-чаттарда бейнероликтер шыққан. Сонымен қатар алаяқтықпен күресу үшін «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі қолданылады. Оның көмегімен зиянды контенті бар ресурстар және 17 мыңнан астам алаяқтық сайт пен сілтеме бұғатталған.

«Былтыр 2025 жылы 2,5 мыңнан астам алаяқтық істер тіркелді. Оның ішінде 800 астам қылмыс ашылды.  Дүйсенбіде 4 азаматты құрықтадық, олар – дроперлер, яғни алаяқтарға көмектесуші тұлғалар. Қазіргі уақытта 3 эпизод анықталды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Олар абақтыға қамалды. Былтыр келісілген залалдың сомасы 2,5 млрд болса, оның 700 млн-нан астамы қайтарылды», – деді Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Оқи отырыңыз: Заңсыз құрылыс: Ақтауда үлескерлер екі жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай келеді

Новости партнеров