Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дропперлік – қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы.

Қара ниеттілер азаматтарды алдап, “жеңіл табыс» ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.
Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

  • есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;
  • жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;
  •  шоттағы қаражатты толық бұғаттау;              
  •  материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;
  •  азаматты банктің уқара тізімінеу енгізу.

Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.
Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!

Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллектіні қолдану ұсынылуда

Новости партнеров