Қостанай облысында ер адам әйелін жарақаттап, өгей ұлын өлтірді

15 жастағы жасөспірім анасын қорғауға тырысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында ер адам әйелін жарақаттап, өгей ұлын өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отбасылық жұптың арасында жанжал туындап, 15 жастағы жасөспірім анасын қорғауға тырысқан. Алайда оқушы пышақ жарақатынан көз жұмып, әйел адам ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, 37 жастағы келіншектің жағдайы ауыр. Қазір ол хирургия бөлімшесінде ақ халаттылардың бақылауында ем алып жатыр.

«Адам өлтіру және қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті азаматты ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр», – деді Полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Индира Нұруева.

Оқи отырыңыз: Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров