Екі күндік драйв: ауқымды автодемалыс қалай өтті

Depositphotos
Depositphotos

Қонақтар әсерлі жарыстарды, ерекше көліктерді және қызықты шоу бағдарламаларын тамашалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен демалыс күндері Алматы өңірінде маусымның ең басты әрі күтілген автомобильдік оқиғасы болып өтті. 23-24 мамыр аралығында екі күн бойы үлкен автодром кешенінде «LowKzMeet» көше мәдениеті, музыка және автоспорт фестивалі дүрілдеп өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ауқымды шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған автоәуесқойлар мен кәсіби тюнинг шеберлерінің басын қосты. Бұл күндері жарыс алаңы нағыз адреналин мен жоғары жылдамдық мекеніне айналды. Фестивальдің бағдарламасы өте тартысты әрі қызықты болды. Көрермендер шебер пилоттардың қатысуымен өткен дрифт сайыстарын және көліктердің өзара жылдамдық сынасқан драг-рейсинг жарыстарын тамашалады.

Спорттық бәсекеден бөлек, фестиваль аясында бірегей автошоу ұйымдастырылды. Эксклюзивті автожобалар көрмесіне келушілердің қарасы қалың болды. Мұнда сирек кездесетін Retro үлгілерінен бастап, заманауи Stance жобалары мен қуатты жол талғамайтын көліктерге дейін қойылды. Отандық шеберлер үшін бұл көрме өз туындыларын паш етіп, тәжірибе алмасатын таптырмас алаңға айналды.

Екі күн бойы фестиваль алаңында арнайы шақырылған қонақтар, танымал автоблогерлер мен сапалы музыкалық бағдарлама кештің көркін қыздырды. LowKzMeet жобасы еліміздегі автомәдениетті жаңа деңгейге көтеретін бірегей қозғалыс екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Демалыс күндерін автодромда өткізген мыңдаған көрермен ұмытылмас әсер алды, аталған кешен Қазақстанндағы автоспорт пен техникалық шығармашылықты дамытудың басты орталығы екенін тағы да айқындады.

Оқи отырыңыз: Апта ортасындағы айтулы мереке: мамырда қазақстандықтар Құрбан айтта қай күні демалады

Новости партнеров