Екі пайызбен үй алуға қарыз беру қажет – депутат ұсынысы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ол көршілес Ресейдің тәжірибесін сүйенуге болатынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай азаматтарымызға 2%-бен үй алуға қарыз беру керегін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат атап өткендей, Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын “9-20-25” бағдарламасына жылына 150 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр.

"Бұл бағдарламаның алғашқы жарнасын 20%-дан 10%-ға пайызға азайту керек. Соған байланысты пайыздық мөлшерлемені 8% пайызға төмендетсек, халыққа шынымен тиімдірек болады", - деді Сайлаубай.

Болжамдарға сәйкес 2050 жылға қарай республикамыздағы халық саны 27 млн-нан  асады. Депутаттың сөзінше, халықтың үлесі оңтүстік өңірлерде көп болмақ, ал солтүстік және шығыс өңірлерде керісінше халық саны төмендей бермек.

Осы тұста көршілес Ресей еліндегідей 2%-бен беретін "Дальневосточная ипотека" бағдарламасына ұқсас жобаны жүзеге асыру аса маңызды. Мысалы, бізде де елдің ең шалғайдағы нүктесіне барғаны үшін қосымша қолдаулармен бірге төменгі 2% пайыздық мөлшерлемемен үй алуға қарыз беру қажет, - деп ұсыныс атты Наурыз Сайлаубай.

Оқи отырыңыз: Ұйықтап қалып, оянбаған: Павлодар облысында екі аптада 5 адам бақилық болды

Новости партнеров