Қазір күдікті қамауға алынып, жантүршігерлік жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр
Екібастұзда қоқыс алаңынан әйел адамның дене бөліктері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, адам сүйегі салынған қап Әуезов көшесінде анықталған. Қазір күдікті қамауға алынып, жантүршігерлік жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, желі қолданушыларының сөзінше, бұған дейін құтқарушылар пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітті тапқан. Сондықтан қоқысқа тасталған дене бөліктері сол марқұмға тиесілі болуы ықтимал.
«Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Полиция басқармасы бастығының орынбасары Асылбек Қайроллаев.
Оқи отырыңыз: Астанада автосалон менеджері сотталды