Экранға жетпеген идеялар: алматылықтар Нұрлан Санжардың ұстаздық қырын еске алды

29.01.2026 20:50

Биыл актер, көрнекті жазушы Нұрлан Санжардың туғанына 75 жыл толды

Биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, көрнекті жазушы Нұрлан Санжардың туғанына 75 жыл толды. Ғұмырының бір бөлігін шәкірт тәрбилеуге арнаған білікті ұстаздың мерейтойына орай Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында дарынды тұлғаның кино мен әдебиет саласындағы еңбегі талданып, шығармашылық қыры ашыла түсті. Сонымен қатар басқосуда «Экранға жетпеген идеялар», «Өнер әлеміндегі тәжірибе мен өнеге» сияқты тақырыптарға негізделген баяндамалар оқылды.

«Нұрланда перспективалық, болашақтық сипаты мол. Қазақ оқырманына, көрерменіне рухани да, интеллектуалдық та өнеге. Нұрлан сол үшін қымбат», – деді  филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Қамзин.

«Оның режиссерлығы да, документалистігі де өз алдына бір төбе. Соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры болып, шәкірт дайындауда сүбелі үлес қосқанын көп адам біле бермейді. Сондықтан да өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Нұрлан Санжар ағамызды жан-жақты қырын ашу», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай

Оқи отырыңыз: Адал азамат: Алматыда республикалық конференция өтті