Ел өңірлерінде заң саласында білікті маман тапшы

Almaty.tv
Almaty.tv

Мамандар заң көмегінің қолжетімділігі мен қорғаушылардың мәртебесін көтеру жолын ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел өңірлерінде заң саласында білікті маман тапшы. Алматыда кадр даярлау ісі мен заңнаманы жетілдіру қажет екені айтылған басқосу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда заң консультанттары мен адвокатура институттарының азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі мен даму перспективалары сөз болды. Мамандар заң көмегінің қолжетімділігі мен қорғаушылардың мәртебесін көтеру жолын ұсынды.

«Конференцияда көптеген елден қатысушылар қатысып отыр. Оның ішінде жаңағы ТМД елдерінен шетел ғалымдарының тәжірибелі заңгерлері қатысып, өзара пікір алмасты. Адвокаттық қызмет және заң консультанттары саласында үздік орындамыз десем, артық айтпаспын», – деді  «Әділет» жоғары құқықтық мектебінің аға оқытушысы Нұржан Мақсатов.

«Конференция соңында резолюция қабылдап, берілген ұсыныстарды Әділет министрлігі, Парламент мәжілісіне жіберуді мақсат тұтып отырмыз. Заңгерлік қауымдастықтың жиналып, заңды жетілдіруін дұрыс деп ойлаймын», – деді  «Заң» консультанттар палатасының төрағасы Олжас Әлімов.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда инспекторларға шөлейт аймақ үшін төленетін төлем неге тоқатылды

Новости партнеров