Алматыда 48 бөбекжай салынады
Президент Жолдауда ұстаздардың мәртебесіне тағы да басымдық беріп, педагогтердің абырой-беделін қорғау қажет екенін айтты
Кейінгі 7 жылда ел көлемінде 1483 балабақша ашылған. Алдағы Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылында бұл шаруа одан ары қарай қарқын алмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мемлекет басшысының ұсынысымен қолға алынған бастама аясында 2030 жылға дейін Алматыда 48 мемлекеттік бөбекжай салу жоспарда бар. Сонымен қатар Президент Жолдауда ұстаздардың мәртебесіне тағы да басымдық беріп, педагогтердің абырой-беделін қорғау қажет екенін айтты. Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударып, осы салада инфрақұрылымды дамытуды тапсырды. Маңызды құжатта аталған басым бағыттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері де қолдап отыр. Олардың сөзінше, бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеу үшін жаңа балабақшалардың бой көтеруі және цифрлық технологияларды салаға енгізу құптарлық іс. Сондықтан бастама төңірегінде ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ
«Президенттің Жолдауында айтылғандай, заман талабына сай әдіскер мен балабақша тәрбиешісі мәселесі – өте маңызды тақырып. Сондықтан біз бұл Жолдауды толық қолдаймыз. Бүгінде жаңалыққа талпынып жүрген қаншама мектепке дейінгі ұйымда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр», – деді № 125 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Роза Ималова.
Оқи отырыңыз: Қызылордада заманауи емхана бой көтеруде: Сыр өңірінде 63 нысан салынып жатыр