Қос қарияға арнайы құрмет көрсетіліп, сый табысталды
Жетісу облысында көзі тірі екі қарт майдангер бар. Сұрапыл жылдардың куәгерлерінің де тілері бір. Ол – ендігі заманның тыныштығы. Мереке қарсаңында арнайы құттықтауға барған әкімдік қызметкерлеріне ардагер қариялар батасын берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Уыздай жас күнінде, кәмелетке толар-толмастан майданға аттанған қос қарт бүгінде ғасырды еңсерген тірі тарихқа айналған. Қатарластарының ерлігін, соғыстың тауқыметін еске алған олар теңіз флоты мен атқыштар дивизиясының қатарында ерлік көрсеткен.
«Тыныш өмір болсын! Балалар жетім қалмасын, соғыс болмасын!» – деді ҰОС ардагері Төлеубай Чектыбаев.
Төлеубай қарт секілді Ысқақ Құсайынов та – Жетісу ауданының ардақты ардагері. Соғыс жылдарында ол туралы «Сын Казахстана» атты мақала да жарық көрген. Қарт майдангер де қатарласы сияқты «аспанда оқ жаумасын, ана зар жыламасын» деп тілейді.
Айта кетейік, қос қарияға арнайы құрмет көрсетіліп, сый табысталған. Ұйымдастырушылар ардагерлерге бүгінгі ұрпақтың бейбіт заман үшін алғыс айтатынын жеткізген.
Оқи отырыңыз: Соғыс ардагерлері салықтың қай түрінен босатылған