Еліміз бойынша салынып жатқан 124 үйдің құрылысы проблемаға айналуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

Құрылыс кодексі аясында құрылыс компанияларының тізілімі жасалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз бойынша салынып жатқан 124 үйдің құрылысы проблемаға айналуы мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінде еліміз бойынша құрылысында проблема бар 44 нысан бар. Оның үшеуінің құрылысы аяқталды, тағы екеуінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Мұнан бөлек, сары аймақта 124 нысан бар, олар да проблемалы болуы мүмкін. Дегенмен, біз оларды әкімдіктермен бірге бақылауда ұстап отырмыз», — деді вице-министр Сенаттың отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, Құрылыс кодексі аясында құрылыс компанияларының тізілімі жасалады. Ол 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

«Құрылыс компаниялары құрылысты заңсыз бастағанда немесе алаяқтық іс-әрекетке барса, заңды орағытып үлескерлердің қаражатын тартса, онда олар аталған тізілімге енеді. Содан кейін оларға 3 жыл бойы кепілдік және басқалары берілмейді. Қара тізілімде тұрады. Оны тізілімнен тек сот тәртібімен ғана алып тастауға болады», — деді Қуандық Қажкенов.

Оқи отырыңыз: Қаладағы жаңа аймақтарда тұрғындардың еркін қозғалысына жағдай жасауға тырыстық - Асхат Сәдуов

Новости партнеров