«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының директоры журналистермен кездесті
«Алматыда жерасты транспортының әлеуетін кеңейту арқылы қала экономикасын көтеріп, шағын және орта бизнесті де ілгерілетуге болады». Бұл туралы журналистермен кездесу өткізген «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының директоры айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, жаңа метро стансаларының құрылысына Қытай мен Ресей мемлекеттерінің мамандары шақырылуы мүмкін. Желі салынғанда тұрғын үйлерді сүріп тастамау үшін барынша жағдай жасалмақ. Көпжылдық жоспарда Алматы метросының халықаралық әуежайға, теміржол вокзалдарына және көршілес Алатау қаласына дейін жететіні көрсетілген. Қазір нақтылау және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Басқосуда шетелдік тәжірибе сарапқа салынып, қаладағы транспорттық жүктемені теңдей бөлу, қоғамдық көлік дәлізін ашу, полиорталықтарды дамыту жайы да талқыланды.
«Қаладағы жаңа аймақтарда тұрғындардың еркін қозғалысына жағдай жасауға тырыстық. Азаматтар алысқа бармай, 15 минуттың ішінде-ақ қажетті қызметті ала алатындай болуы керек. Осылайша біріңғайлық орнатамыз. Оған мысал ретінде Орбита ықшамауданындағы қалыптасқан жағдайды келтіруге болады», – деді «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Сәдуов.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті