Орталық сайлау комиссиясы 9 миллион азаматтың бюллетень алғанын мәлімдеді
Елімізде 500-ден астам учаскеде дауыс беру аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы 9 миллион азаматтың бюллетень алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Дауыс берушілердің қарқыны жаман емес. Десе де күні бойы алдына аймақ салмаған Қызылорда облысы кеш қарая Түркістанға жол берді. Оңтүстік жұрты 90,17 пайызбен топ бастады. Одан кейінгі орынға Жетісу облысы жайғасқан. Ал сыр халқының белсенділігі аз да болса төмендеп, үшінші орынға тұрақтаған. Көрсеткіш 88,09 процент. Қызылорданы өкшелеп 85,43 пайызбен шығыстықтар келеді. ¤
«Еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады. Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.
Сөз соңында тағы еске сала кетейін, бір палаталы парламентке өту үшін бүгінгі сайлауда 7 саяси партия бақ сынап жатыр. Олар Құрылтайдағы 145 депутаттық мандатқа таласады. Жарты сағаттан кейін елде дауыс беру аяқталады
Оқи отырыңыз: Алматылық әжелер сайлау учаскелерінде ән шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады