Құрылтай сайлауы ашық әрі әділ өтті - бақылаушылар пікірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құрылтай сайлауы ашық әрі әділ өтті». Бұл – Қазақстанға арнайы келген шетелдік халықаралық бақылаушылардың пікірі. Олардың айтуынша, дауыс беру процесі талаптарға сай өтіп жатыр,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бақылаушылар комиссия мүшелерінің жұмысына, сайлаушылар үшін жасалған жағдайға және дауыс беру тәртібіне жоғары баға берді. Шетелдік сарапшылардың назарын сайлаушылардың белсенділігі де аударған. Олардың пікірінше, азаматтардың саяси процеске қызығушылығы байқалады.

«Менің ойымша, бұл сайлау – өте маңызды. Бірнеше жыл бұрын басталған Қазақстандағы реформалардың бір шарықтау шегі деп ойлаймын. Сайлау учаскелерінде тыныш өтті. Халық дауыс беріп жатты, сайлауға қатысуға ниеті бар екені көрініп тұр. Сондай-ақ ешқандай заңбұзушылық көрген жоқпын», – деді халықаралық байқаушы, журналист Николас Бутылин.

 Бүгінгі науқанды жоғары бағалағандардың бірі – Нидерландыдан келген халықаралық қатынастар және Таяу Шығыс саясаты бойынша маман Аль-Хадж Джасем. Оның айтуынша, сайлау учаскелеріндегі жұмыс жүйелі ұйымдастырылған, дауыс беру тәртібі ашық әрі түсінікті. Сарапшы әсіресе бюллетеньде «бәріне қарсымын» деген нұсқаның болуын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сайлаушыға өз ұстанымын еркін білдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол бүгінгі сайлауды Қазақстандағы саяси реформалардың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде бағалап отыр.

«Үлкен әрі ұзақ процестің бір бөлігін ғана көріп отырмыз. Бұл – жалпы картинаның бір бөлігі. Конституцияға, мемлекеттік институттарға қатысты реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, әрине, мемлекеттік және демократиялық институттардың дамуына жаңа серпін береді. Менің ойымша, бір палаталы Парламент бюрократияны азайтып, процестерді жеделдетуге мүмкіндік береді», – деді халықаралық байқаушы, саяси шолушы Аль-Хадж Джасем.

Оқи отырыңыз: Елімізде 500-ден астам учаскеде дауыс беру аяқталды