Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 982 705 қазақстандық тұр
Бүгінде елімізде 8 031 кезекте тұрған азаматтың қоныс тойын атап өтуіне мүмкіндік берді. Олардың көпшілігі баспананы 20 жылдан астам уақыт күткен. Енді олар болашақта жекешелендіруге болатын жалдамалы тұрғын үйлерде тұрып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылдың қыркүйегінен бері жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкке жалпы саны 12 760 жалдамалы пәтерді тапсырды. Оның басым бөлігі иелерін тауып үлгерді. Қазір өңірлерде тағы 4 729 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Жалдамалы тұрғын үй – кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешудің ең қолжетімді жолы. Себебі бұл – өз бетінше үй немесе пәтер сатып алуы қиын санаттағы азаматтар. Олардың табысы төмен, бастапқы жарна жинауға және ипотеканы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Жалдамалы тұрғын үйдің арқасында олар қазірдің өзінде қауіпсіз әрі жайлы баспанаға көшіп жатыр. Енді балаларын жиі мектеп немесе балабақша ауыстыруға мәжбүр болмайды. Әсіресе мұндай қолдау көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, жесірлер мен жалғызбасты ата-аналар үшін өте маңызды. Себебі мемлекеттік қолдаусыз олардың баспана мәселесін шешуі өте қиын, – деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Банк қолдауымен жалдамалы тұрғын үйге ие болғандар:
Жалпы кезекте тұрған азаматтар үшін 24 177 пәтер берілді.
Кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлерді жергілікті әкімдіктер салады. Кейін пәтерлерді бөлу жұмыстарын Отбасы банк жүргізеді. Тұрғын үйді бөлудегі ең басты талап – кезекке қойылған күн. Енді азаматтарға кезек нөмірін бақылап отырудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кезекке тұрған жылы мен санаттың басымдығы маңызды рөл атқарады.
Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 982 705 қазақстандық тұр. Оның шамамен 30%-ы немесе 310 878 адам баспана алуға бірінші кезектегі құқыққа ие. Бұл – тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешуі ең қиын санаттағы азаматтар. Қазір мемлекеттік қолдау шаралары ең алдымен осы азаматтарға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1-7 маусым аралығында ауа райы қандай болады