СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да тас жолда жүк көлігімен соқтығысқан жол-көлік оқиғасында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 8 қаңтарда Астана — Петропавл автожолында Toyota Camry және Shacman автокөліктерінің қатысуымен болған.

«Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тауып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Camry автокөлігі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, қарсы келе жатқан жүк автокөлігімен соқтығысқан.

«Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болыңыздар және өмірлеріңізді сақтаңыздар», — делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, 2025 жылы СҚО аумағында 593 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 47 адам қаза тауып, 793 адам түрлі жарақат алған. Соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 117 ЖКО тіркеліп, 26 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алған.

Оқи отырыңыз: Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктіге іздеу жарияланды

Новости партнеров