Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 103 жастарға арналаған денсаулық орталығы жұмыс істейді. Биыл бұл орталықтар 149 мыңнан астам оқушы мен 97 мың ата-анаға көмек көрсеткен.

Аталған мекемелер 10 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18 бен 29 жастағы жастарға психологиялық, медициналық және әлеуметтік қолдау ұсынады. Сонымен бірге балаларды қорғау шаралары аясында буллингке қатысты айыппұлдар қарастырылған. Бұл бағытта тағы қандай кешенді шаралар жүзеге асты? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Мадина Бисембаева жауап береді.

Мадина Серікқызы, министрлік тарапынан қандай шаруа атқарылып жатыр?

«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асуда. Елімізде 6,9 млнбала бар, демек халықтың үштен бір бөлігін балалар құрайды. 2023 жылы ҚР Үкіметі Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдаған болатын. Бұл құжат  техникалық және практикалық материалдарды қамтиды. Кешенді жоспар аясында өткен жылы қыркүйектен бастап еліміздің барлық балабақша, мектептер мен колледждерде «жеке қауіпсіздік» сабағы енгізілді. Бұл сабақ жылына үш рет қайталанады. Апта сайын сынып сағаты шеңберінде жүзеге асады. Оқу ағарту министрлігі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 130 тақырыптан тұратын жеке қауіпсіздік сабақтарын енгізілді. Сондай-ақ еліміздің әрбір мектебімен  колледждеріне арнайы әдістемелік ұсынымдарда таратылды. Бұдан бөлек кешенді жоспар аясында өткен жылы елімізде алғаш рет  «ДосболLike»  антибуллингтік бағдарламасы әзірленді. Бүгінгі таңда  ол апробациядан өтуде. Оған  еліміздің 9 өңірі 70 мыңға жуық оқушы және 5 мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымының мамандары қатысуда. Бүгінгі таңда осы пилоттық жобаның кемшіліктерімен жұмыс істеу жүргізіліп жатыр. Ал 2025 жылдың қыркүйектен  бастап отандық бағдарламаны еліміздің барлық  мектептерімен мен колледждерінде кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ кешенді жоспар аясында елімізде алғащ рет 111 байланыс орталығы іске қосылды. Одан бөлек өткен жылы еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Бүгінгі таңда 250 мыңнан астам адам жүгінді. Оның ішінде тек қана балалар емес сонымен қатар олардың ата-аналары, педагогтерде бар. Психологиялық қолдау орталықтарында тек қана психологиялық қолдау емес сонымен қатар медициналық қолдау, құқықтық қолдауда көрсетіледі».

– Статистиканы айта кетіңізші. Байланыс орталықтарына қанша өтініш түсті?

«Кешенді жоспар аясында 111 байланыс орталығы қосылды деп атап өттім. Бүгінгі таңда қаңтардан бастап «111» Байланыс орталығына қол жеткізу үшін арнайы QR-кодтар орналастырылған болатын. Олар еліміздің барлықт мектептерімен  колледждерінде жұмыс жасап жатыр. Қаңтар айынан 30 сәуірге дейінгі аралықта 77 913 өтініш келіп түссе, оның 580-і қоңырау арқылы ал 77333 QR-код арқылы мәтіндік өтініш келіп түскен. «111» байланыс орталығына келіп түскен әрбір дерек анонимді. Балалардың басым бөлігіне ақпараттық көмек көрсетіледі, яғни олардың сұрақтарына жауап береді, психологиялық қолдау көрсетіледі. Ал күрделі жағдай туындаса, құзіретті  мемлекеттік органдармен «111» байланыс орталығының мамандары тікелей байланысады. Ол полиция, денсаулық сақтау бөлімі, білім басқармасы, үкіметтік ұйым емес ұйымдар болсын мүндай жағдайды тиісті шара қолданады. Сондай-ақ айта кеткен жөн  әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңы аясында өткен жылы «111» байланыс орталығының құзіреті заңнамалық тұрғыда бекітілді.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады

Новости партнеров