Елімізде банкроттыққа қай өңір тұрғындары ең көп өтінім жазған

Мамандардың айтуынша, заңның қыр-сырын білмей, электронды портал арқылы жаппай өтініш тастайтындар әлі де көп

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде банкроттыққа өтінім жолдайтындардың басым бөлігі – Түркістан облысының тұрғындары. Биыл өңірде 6 мыңнан астам адам табысынан айырылып, қарызын өтей алмайтынын мәлімдеген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бірақ олардың тек 2 мыңына ғана банкрот мәртебесі беріліпті. Қалған 4 жарым мың тұрғынның өтініші тиісті талаптарға сай келмегендіктен, кері қайтарылған. Мамандардың айтуынша, заңның қыр-сырын білмей, электронды портал арқылы жаппай өтініш тастайтындар әлі де көп.

«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң күшіне енген 3 жыл ішінде 42 мың түркістандық осы мүмкіндікті пайдалануға тырысқан. Мамандар бұл тенденцияны халықтың несиеге шамадан тыс тәуелділігімен және қаржылық сауаттылықтың төмендігімен байланыстырады.

«Соңғы жылдары көптеген адам несиеге тәуелді болды. Әсіресе, микрокредиттердің қолжетімділігі азаматтарды тығырыққа тіреді. Төлемге қабілетсіз адамдар көбейіп, табысы азайған соң қарызын уақытылы өтей алмады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, азаматтарға қаржылық жағдайын түзеуге екінші мүмкіндік беріп отырмыз», – деді Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Ержан Шынәділ.

Оқи отырыңыз: Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз

Новости партнеров