Референдумға дейін:
2
күн
13
сағат
41
минут

Елімізде эковолонтерлікке 60 мыңнан астам адам жұмылдырылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жыл басынан бері жоба аясындағы іс-шараларға 2000-нан астам волонтер қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде Қазақстанда экологиялық волонтерлер қатары көбейіп келеді. 2024 жылы эковолонтерлікке 40 мыңнан астам адам қатысса, былтыр олардың саны 60 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әр қадамда экоcаналық» атты гранттық жобасы басталған болатын. Жоба «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асып жатыр. Оның аясында сарапшылардың қатысуымен вебинарлар ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар шамамен 1000 экоактивист арнайы әзірленген білім беру курсынан өтті.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жыл басынан бері жоба аясындағы іс-шараларға 2000-нан астам волонтер қатысты. Биыл экологиялық волонтерліктің даму деңгейін талдауға бағытталған «Қазақстандағы эковолонтерлік – 2026» атты зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, эковолонтерлікті дамыту аясында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, «10 жасыл күн» эко-челленджіне 2000-нан астам адам қатысып, 10 экологиялық тапсырма орындады. «Жас ағаш» акциясы аясында 10 мыңнан астам волонтер мен бизнес өкілдері бес ұлттық парк пен қорық аумағында 300 мыңнан астам ағаш екті», - деп атап өтті министрлік өкілдері.

«Эко бақылау» жобасы шеңберінде 50-ден астам мониторингтік рейд ұйымдастырылды. Халықаралық World Cleanup Day акциясы барысында 4000-нан астам қатысушы 22 локацияда тазалық жұмыстарын жүргізді. «Таза Каспий – Clean Caspian» экологиялық бастамасына Қазақстан мен Әзербайжаннан 2000-нан астам волонтер қатысты. Олар үш жағалау аумағын тазартып, 3 тоннадан астам қоқыс жинады.

Бұл көрсеткіштер қоғамда экологиялық жауапкершілікке деген қызығушылықтың артқанын және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге деген ұмтылысты айқын көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Алматы дәрігері балаларды қызылшадан қалай қорғау керек екенін түсіндірді

Новости партнеров