Елімізде электр энергиясының нормативтік шығынын азайтатын құрылғы орнатылмақ

21.04.2026 19:36

Бұл жоба елді жарықпен жабдықтайтын 27 ұйымның жұмысын қамтиды

Елімізде алдағы 4 жылда интеллектуалды электр энергиясын есепке алатын 4 миллионға жуық құрылғы орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл жоба елді жарықпен жабдықтайтын 27 ұйымның жұмысын қамтиды. Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық шешім электр энергиясының нормативтік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде шамамен 57 миллиард теңге үнемделмек. Сондай-ақ,жылу энергиясын есепке алу мәселесі де назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда жылумен жабдықтау нысандары мен ірі тұтынушылар қажетті құралдармен қамтылған. Алайда магистральдық және тарату желілеріндегі мәселе күн тәртібінде қалып отыр. Ал халықаралық тәжірибе кешенді жүйені енгізу жылу энергиясын 15%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде ресурстарды тиімді пайдаланып, шығындарды азайтуға жол ашады. Сондай-ақ энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің айналымын цифрлық есепке алады. ¤

«Oil Track» жүйесінде 325 мұнай базасы тіркелген, оның 146-сы бақылау құралдарымен жабдықталған. Олар деректерді онлайн режимде Қаржы министрлігіне қарасты Ақпараттық-есептеу орталығына тұрақты түрде жіберіп отыр. Сонымен қатар барлық мұнай өңдеу зауыттары, соның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары да бақылау құралдарымен толық қамтылған. Мұнай базаларын толық жабдықтау арқылы мұнай өнімдерінің мұнай базасынан жанармай бекетіне дейінгі қозғалысын бастан-аяқ ашық бақылауға болады», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы стансасының күрделі жөндеуі аяқталды