Қазақстанда газ құю бекеттеріне қойылатын ережелер қатаңдалады
Қазақстанда газ құю бекеттері мен газбен жүретін көліктерге қатысты талаптар қатаңдатылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда газ құю бекеттеріне қойылатын ережелер қатаңдалады. "Газбен жабдықтау және газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша" заңға тиісті түзетулер енгізілмек. Бүгін Мәжіліс депутаттары оны бірінші оқылымда қолдады.
Депутат Еділ Жанбыршиннің айтуынша, 3000 автогаз құю станциясының 90 пайызында жер үстінде орналасқан газ сыйымдылығы бар. 2025 жылы Түркістан және Атырау облыстарындағы дәл осындай станцияларда жарылыстар болған еді.
Заңға енгізілетін түзетулер мынаны көздейді:
Депутаттың айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда шамамен 2 миллион тонна сұйытылған газ тұтынылған, ал өндірілгені небәрі 1,8 миллион тонна. Яғни газ тапшылығы бар.
Оның сөзінше, қазір бақылау әлсіз әрі автогаз құю бекеттерінің саны көбейіп барады. Жағдайды реттеу үшін өңірлердегі әкімдіктерге мұндай бекеттердің санын шектеуге рұқсат беру ұсынылады.
Еске салайық, 2025 жылғы 21 наурызда газ құю станцияларының бірінде жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, үшеуі күйік алған.
Оқи отырыңыз: Семейде жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған әйел үйқамаққа жіберілді