Семейде жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған әйел үйқамаққа жіберілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Полиция өкілдері кінәлі адамдар қандай жаза алатынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған іс бойынша анасы мен оның танысы тергеу кезінде елден шықпау туралы қолхатпен босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратты Абай облыстық полиция департаменті растады.

Неліктен олар уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалмады деген сұраққа полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, соның ішінде баланың өлім себебі анықталуы қажет екенін түсіндірді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осыдан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", – деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ полиция өкілдері кінәлі адамдар жауапкершіліктен құтылмайтынын, кінәсі дәлелденген әр адам заң бойынша тиісті жазасын алатынын атап өтті.

Еске салайық, Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік

Оқи отырыңыз: Елімізде он күннің ішінде есірткі сатуға қатысты 50-ге жуық дерек анықталды - ІІМ

Новости партнеров