Елімізде қытайлық маркалы автокөліктер құрастырылады

03.06.2025 15:37

Екі зауытта 100 мыңнан астам темір тұлпар шығарады деп жоспарланып отыр

Қазақстанда қытайлық маркалы автокөліктерді құрастыратын екі зауыт іске қосылады. Кәсіпорындар 100 мыңнан астам темір тұлпар шығарады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олжас Сапарбековтің айтуынша, өндірісте қолданылатын бөлшектер шетелден әкелінбей, өзімізде өндіріледі. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын қытайлық көліктерге қойылған нақты техникалық талаптар бар. Темір тұлпарлар соған сай шығарылады.

 «Бізде әрбір өндіруші белгілі бір міндеттемені мойнына алды.  Мәселен технологиялық операциялар, процестер, қосалқы бөлшектерді жергіліктендіру. Өткен жылы кейбір компоненттер бойынша жергіліктендіру басталды, алдағы уақытта пластикалық бөлшектерді, орындықтарды, мультимедиялық жүйелерді өндіру жоспарланып отыр», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Оқи отырыңыз: Орталық – Батыс жаңа автомагистралі салынады