Елімізде мобильді аударымдар тексеріле бастады

06.05.2026 16:35

Елімізде осы айдан бастап мобильді аударымдар тексеріле бастады. Енді азаматтарға алғашқы ескертулер мен хабарламалар жіберіле бастайды. Ережеге сәйкес, жеке мақсаттағы аударымдар туысқандар, достар немесе әріптестер арасындағы қаражат салыққа жатпайды және тексерілмейді. Алайда кәсіпкерлік белгісі бар тұрақты аударымдар салық органдарының назарында болады. Яғни, бір адамның шотына түрлі адамдардан жиі әрі жүйелі түрде ақша түссе, бұл табыс ретінде қарастырылуы мүмкін.

Толық ережелерді «Алматы» телеарнасының студия қонағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының сарапшысы Бахтияр Шамарданов айтады.

– Бахтияр мырза, нақты кімнің мобильді аударымдары салық органдарының бақылауына ілінеді?

«ҚР Қаржы министрлігінің 12 қарашадағы 2025 жылғы 698 бұйрығына сәйкес мобильді аударымдарды екінші деңгейлік банктер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Олар қандай жағдайда ұсынады. Олар егерде үш ай қатарынан жүз жеке тұлғадан көп аударым алынса ғана мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Бұл яғни бір аударым емес, яғни жеке тұлға 3-4 аударым жасаса ол бір аударым болып саналады». 

– Бақтияр мырза, айтыңызшы, заңбұзушылық анықталса қандай шара қолданылады? Қандай да бір түсініспеушілік туындаса, азаматтарға қайда жүгінген жөн?

«Екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына яғни үш ай қатарынан үш ай жүз әр түрлі тұлғадан алынған төлемдер аударымдар болса ғана оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Мемлекеттік кірістер органдары ұсынған ақпаратты талдайды. Талдағаннан кейін салық төлеушілерге «кәсіпкерлікпен айналысады» деген белгісі бар ақпарат жіберіледі. Бұл хабарламаны орындау қажет емес. Яғни екіншісі. Екіншісі бұл мемлекеттік кірістер органдары кірісті төмендету белгісі болған камералдық бақылау жасап кірісті төмендету жөніндегі хабарлама жібереді. Бұл хабарламаны орындау 30 жұмыс күні болып табылады. Яғни бұл хабарламаны орындаудың екі түрлі тәсілі бар. Бірінші тәсілі сіз хабарламамен келісіп өзіңіздің салық есептік нысаныңызды тапсырып салығыңызды төлейсіз. Егерде бұл хабарламамен келіспесеңіз сіздің мемлекеттік кірістер органдарына түсініктемеңізді берсеңіз болады».

Оқи отырыңыз: Алматыда өрттен зардап шеккен Ұлы Отан соғысы ардагерінің пәтері қалпына келтірілді