Елімізде спорт жарыстарына қатысуға болатын ең төменгі жас мөлшері қандай

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар – спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты, деп хабарлайды  Almaty.tv

Осыған орай, былтырғы шілде айында министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.

"Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсыныстары негізінде белгіленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты", - делінген ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды.

Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат жоғарыдағы кестеде көрсетілген.

Оқи отырыңыз: «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

Новости партнеров