Тұрғын үйдегі өрт: бір адам көз жұмды

Қызыл жалын 500 шаршы метрден астам аумақты шарпыған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Түрксіб ауданында кеше түнде өрт болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызыл жалын 500 шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Тілсіз жау бірнеше адамға тиесілі тұрғын үйден шығып, монша және басқа да шаруашылық нысандарына тиген. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, қызыл жалынмен арпалысқа 15 техника мен 50-ден аса құтқарушы жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды

«11 маусым сағат 23:39-да Түрксіб ауданындағы тұрғын үйден өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің құралдары мен күші оқиға орнына аттанды. Үй қамыстан салынып, жанындағы қосымша құрылыстар ағаштан тұрғызылған. Өрттің ауданы 586 шаршы метр болды», – деді ТЖД ӨРТ Сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы Диас Мусин.     

Оқи отырыңыз: Көкке ұшқан ақша: Түркістан облысында жағажай қаңырап бос тұр

Новости партнеров