Референдумға дейін:
11
күн
9
сағат
56
минут

Елімізде тұрғын үй бөлу тәртібі өзгерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгіннен бастап тұрғын үй бөлу тәртібі өзгерді. «Отбасы» банк кезекте тұрған азаматтарға баспананы тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіреді. Осылайша, үй алуға ниетті жан тағы бір мәрте отбасы құрамын, мәртебесін және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын нақтылап, есеп береді. Бүгінде республика бойынша 484 мыңға жуық адам түгендеуден өтіп үлгерген. Оның - 37 мыңы алматылық. Жаңа ереже азаматтардың баспана алуына қандай да бір әсерін тигізе ме? Салада тағы қандай өзгерістер бар?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының стуия қонағы «Отбасы» банкінің Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаева жауап береді.

– Кәмшат Болатбекқызы. Міндетті инвентаризациядан өтпеген кезекте тұрған  жандар тұрғын үй бөлуге қашан және қандай шартпен қайта қатыса алады?

«2 наурыздан бастап түгендеуден өтпеген азаматтар тұрғын үйді бөлуге қатыса алмайды. Бұл – міндетті түгендеу алғашқы және міндетті процестің бірі болып аталады. Егерде түгендеуден өтпеген азаматтар болса, «Өркен» отбасы банкі сайты арқылы міндетті түрде түгендеуден өтуі тиіс. Егерде қандай да бір жағдаймен түгендеуден өтіп, бірақ та банк тарапынан қабылданбаса, яғни азамат үйге мұқтаж емесін анықтайды. Себебі түгендеуде азаматтардың атында үй бар жоғына қараймыз».

– Түгендеу нәтижесі жаңартылған соң кезектегі орын өзгеруі мүмкін бе? Жалпы, бұл ереже тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспана алуына қандай да бір әсерін тигізе ме?

«Кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үйді бөлу мәселесі кезекте тұрған азаматтарды қай уақытта, қашан тұрғанына тұрғын үй есебіне сол күні есептеледі. Тұрғын үйге қай күні тұрды, сол есептелінеді. Яғни, неғұрлым ерте тұрған жағдайда сол үйін ертерек алуына мүмкіндік береді. Жалпы, айтқанда бұл түгендеу – негізгі процесс. Біз кезекте тұрған азаматтың ресми анықтамаларын жинап, атында үй бар жоғына қарап, отбасы мүшесіне қарап, қандай да бір өзекті мәртебесіне қарап, анықтаймыз. Себебі, баспананы атында үйі жоқ адам иеленуі керек».

– Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі де өзгерді. Егер, қарыз алушыда пайыздар мен қосымша төлемдерді төлеуге қаражат болмаса, өтініш қабылдана ма? Жалпы бұл қалай жүзеге асады

«Бүгіннен бастап БЖЗҚ  «Отбасы» банк платформасы арқылы ішінара немесе толық қарызды жабу, оны өтеу толығымен процессі ашылды. Платформаға өтінімдер қабылдау басталды. Егерде зейнетақы қорынан шыққан біріңғай қаражатты айлық төлем ретінде қолдануға болатын болса, жаңа талаптар бойынша зейнетақы қорындағы ақшаны тек негізгі қарызға жұмсауға болады. Әр салымшының өзінің қолында төлем кестесі бар, төлейтін күні бар. Сол арқылы  алдын ала ағымдағы шотқа өзінің пайыздық мөлшерлемесін салып қоюы керек. Немесе егерде кешіктіріліп жатса, пениясын дайындап қою керек. Сол кезде ғана зейнетақы қорындағы ақшаны негізгі  қарызға жұмсалынады. Бұл жайт тек «Отбасы» банктің қарыз алушыларына жасалған. Басқа банктерде алдында қалай төлеп жүрді, солай төлей беруге болады».

Оқи отырыңыз: Төбеден су сорғалап тұр: ШҚО-да былтыр қолданысқа берілген баспананың сапасы сын көтермейді

Новости партнеров