Елімізде үш ауысымды мектеп жоқ - Мереке Нұрмұханова

Бүгінде орта білім беру ұйымдарында 412 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде үш ауысымды мектеп жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғани Бейсембаев басқаратын ведомство Мемлекет басшысының оқушыларды үш ауысымда оқытуды жою туралы тапсырмасын мүлтіксіз орындаған. Қазақстанда жыл сайын мың ауыл мектебін жаңғырту, білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізіп, заман талабына сай жабдықталған пәндік кабинеттерді көбейту жұмыстары қарқынды іске асырылып келеді. Мектептердегі педагог тапшылығы да шешілген. Бүгінде орта білім беру ұйымдарында 412 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 14 мыңға көп.

«Мемлекет басшысының тарапынан ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұған айқын дәлел Қазақстан тарихында алғаш рет биыл оқу жылында екі педагогке президент Қасым Жомарт Тоқаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды. Сондай-ақ 36 педагог мемлекеттік наградалармен марапатталды. 64 мұғалім «Үздік педагог» атағын иеленді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Нұрмұханова.

Биыл 217 мыңнан астам түлек 11-сыныпты тәмамдаса, 364 мыңнан астам бала 9-сыныппен қоштасады. Мектептерде оқу мерзімі 34 аптаға созылады. Сабақ 23 мамырда «Білімім – Отаныма» тақырыбымен аяқталады. Соңғы қоңырау мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі. Түлектерге мектеп бітіру аттестаттарын тапсыру салтанатын 18-20 маусым аралығында өткізуді жоспарланып отыр.  Сондай-ақ қорытынды мемлекеттік емтихандардың мерзімі де белгілі болды. Мәселен 9-сынып оқушылары 29-мамыр мен 10-маусым аралығында, ал түлектері 30-мамыр мен 16-маусым аралығында сынақтан өтеді. Ал 5 пен 10 сынып арасындағы оқушылар 27- 31 мамырда қазақ тілі және әдебиет пәнінен аралық емтихан тапсырмақ.

 «Биыл аралық емтихандарға 1 миллион 700 мың оқушы қатысады деп күтілуде. Емтиханның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілді оқып үйрену деңгейін анықтау және білімін шыңдауға дағдыландыру. Халықаралық CREF стандартына сәйкес, емтихан негізінен 4 бағытта өтеді: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым», – деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Оқи отырыңыз: Педагог тапшылығы жойылды ма: биыл 14 мыңға жуық мұғалім жұмысқа қабылданған

 

 

 

 

Новости партнеров