Елімізде VIP-нөмірлер қанша тұрады

14.10.2024 10:12

Бұл туралы ІІМ сұраныстағы нөмерлерді атады

elements.envato.com

Ең арзан және ең қымбат сұранысқа ие көлік нөмірлері қанша тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, сұраныстағы ең арзан мемлекеттік тіркеу нөмірлері (VIP нөмірлері) 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Олардың құны 57 АЕК (210 330 теңге) болады.

Құны бойынша келесі орында: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілеу нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Мұндай нөмірлердің құны - 114 АЕК (420 660 теңге).

Келесі: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 800, 888, 900, 999. Олардың құны - 137 АЕК (505,530 теңге) .

Сандық белгілеу нөмірінің бағасы бойынша, келесі орында 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Құны 194 АЕК (715 860 теңге) болады.
 
Бұдан кейін, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Құны - 228 АЕК (841 320).

Ең қымбат VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгілеулері. Олардың құны - 285 АЕК, яғни 1 051 650.

Оқи отырыңыз: Алматыда 17 қазанда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтеді