Еліміздегі ауылдар сапалы интернетке қашан қосылады

Досжан Мұсалиев елдімекен халқы үшін тариф құны 5 мың теңгеден басталатынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2027 жылдың соңына дейін еліміздегі ауылдардың 99 пайызы сапалы интернетке қосылады. Мұндай ақпаратты Сенат кулуарында Цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, еліміздегі 6 мыңнан астам ауылдың 4850-і ғаламтормен қамтамасыз етілген. Досжан Мұсалиев елдімекен халқы үшін тариф құны 5 мың теңгеден басталады деп отыр.

 «Шілде айында конкурсты жариялаймыз. Жобамыз бойынша осы жылдың қыркүйек айында басталып кетуі керек. 2027 жылдың соңына дейін елдімекендердің бәрінде оптикалық кабель жүргізіледі», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 8 ауыл ішімдік пен темекі сатудан бас тартты

 

 

 

 

Новости партнеров