Еліміздің оңтүстік өңірінде су тапшылығы байқалады

Алдағы екі аптада көрші елдер 600 миллион текше метр көлемінде су жіберуі тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен аптада Қырғызстан мен Өзбекстан Қазақстанға шамамен 1 миллиард текше метрге жуық суды жоспардан кешіктіріп жіберген. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз жиынында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, алдағы екі аптада көрші елдер 600 миллион текше метр көлемінде су жіберуі тиіс. Вице-премьер биыл жаз өте ыстық болып, Орталық Азия елдерінде су тапшылығы байқалғанын айтты. Салдарынан шаруаларға тіршілік нәрі толық жетпеген. Түркістан және Қызылорда облыстарын сумен қамтамасыз ететін Сырдария өзеніне небәрі 30-40 пайыз шамасында ғана су келген. Сондай-ақ Жамбыл облысындағы Шу мен Талас өзендерінде де су аз болыпты. Десе де Қанат Бозымбаев күзде өнім мол болады деп отыр.

«Жағдай күрделі, бірақ бұған дейін де қиын кездерді бастан өткердік. Сумен қамтамасыз ету жағынан егін бітік шығып, мәселе болмайды деп ойлаймыз. Жағдай күнделікті бақылауда, қабылданып жатқан жедел шаралар жағдайды едәуір тұрақтандырды», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Оқи отырыңыз: Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: су қоймасының 50 пайызы тексерілді

Новости партнеров