Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: су қоймасының 50 пайызы тексерілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Өкінішке қарай, тікұшақ табылмай жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоғалған тікұшақты іздеу барысында Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілді. Бұл туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

— 25 шілдеде Қорғаныс министрлігінен Отырарда тікұшақ жоғалғаны туралы хабар алдық. Сол сәттен бастап, жедел іздестіру жұмыстарын бастадық. Берілген бағыт бойынша тікұшақтармен тексердік. Сорбұлақ су қоймасын қарадық. Қазғарыштан алған суреттерден қарағанда жанар-жағармайдың ба ізі болды. Сорбұлақ су қоймасына жақын жерден тікұшақтың бірнеше бөлшегін таптық. Содан бастап штаб құрылып, іздеу жұмыстары басталды, — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Вице-министр 10 күннен астам уақыт өтсе де, өкінішке қарай, тікұшақ табылмай жатқанын айтады. 

— Сорбұлақтың 50 пайыздайын тексердік. Барлық іздестіру жұмысы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен өтіп жатыр. Біз күш-құралдарымызды бердік. Қазір таң атқаннан күн батқанға дейін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Сорбұлақ суының тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді. Асты батпақ. Тіпті 1 метр тереңдік көрінбейді, лай, — деді Кеген Тұрсынбаев.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын. 

Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғаны белгілі болды

Оқи отырыңыз: Сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 1 мыңға жуық дерек анықталған

Новости партнеров