Элиталық эскорт: елдегі ірі қалаларда жеңгетайлықпен айналысқандар анықталды

ІІМ елде адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ІІМ елде адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады. Ең сорақысы, оның алтауы балаларға қатысты болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатуды ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталған. Тергеу материалдарына сай, олар қиын жағдайдағы жас аналарды пайдаланып, балаларын ақшаға беруге үгіттеген. Барлық күдіктілер қамауға алынды, оларға мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен бірге елдің үш ірі қаласында полицейлер «элиталық эскорт» ұйымдастырғандарды да анықтап, олардың заңсыз әрекетін әшкереледі.

«Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында «элиталық эскорт» ұйымдастырушыларының қызметі құжатталды. Олар түнгі клубатрмен барларға жас қыздарды тартып  жеңгетайлықпен айналысқан. Кешенді профилактикалық жұмыс жалғасатынын атап өтті», – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Қылмыстық іс қозғалды: бірдей нөмір тағылған екі автокөлік анықталды

Новости партнеров