Елордада қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада ауа райы күрт нашарлады. Кешеден бері елордада қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырып, жол-көлік қатынасына да әсер еткен. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 9-сыныпқа дейінгі оқушылар уақытша онлайн форматқа ауыстырылды. Қала әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Түнгі уақыттан бері қала аумағынан 30 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Ал «Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы нашарлайды. Сондықтан Қазақстанның 16 облысында бірден дауылды ескерту жарияланды. Тиісті қызметтер тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге, ал жолға шыққанда аса мұқият болуға шақырып отыр.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып қала береді. Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын жуып, боран болады. Желдің күшейіп, көктайғақ болу мүмкін. Кезеңнің басында шығыста, кезеңнің соңында Қазақстанның батысында қар жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде бүкіл кезең бойы  жауын-шашын күтіледі», – деді  «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Оқи отырыңыз: Ақтауда 6 автокөлік өрттеніп кетті

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров