Елордада жол апаты көбейді: полиция қауіпсіздіктің жаңа тәсілдерін қарастыруда

Биыл көлік апаты 18 пайыз артқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада биыл көлік апаты 18 пайыз артқан. Астаналық тәртіп сақшыларының айтуынша, жол қозғалысын бақылау күшейтіліп, өрескел тәртіп бұзушыларға қатысты шаралар қабылданып жатса да, апат саны азаймай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тіпті жол ережесін бұзуды тіркейтін арнайы кешендер мен заманауи дрондардың қолданылуы да жағдайды айтарлықтай өзгерте алмаған. Осыған байланысты полиция елорда әкімдігімен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа тәсілдерін қарастырмақ.

Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да күшейтіледі. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл қаңтардан тамызға дейін елімізде 21 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1230 адам қаза тапқан.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда балықтан уланған 9 жастағы бала қайтыс болды