Елордадағы құрылыс нысандарының жұмысы қатаң бақылауға алынады

03.09.2026 15:29

Ведомство мәліметінше,  2 оқиға бойынша да арнайы тергеу жүріп жатыр

Елордадағы құрылыс нысандарының жұмысы қатаң бақылауға алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанада болған 2 қайғылы жағдай себеп болып отыр. Екеуінде де кран құлап, адам өлімі тіркелген. Осы оқиғалардан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаладағы құрылыс алаңдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексермек. 

Ведомство мәліметінше,  2 оқиға бойынша да арнайы тергеу жүріп жатыр. Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты компанияларға заңға сәйкес шара қолданылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 42 су қоймасы салынады

Толық көрсету