Ең төменгі жалақы көтеріле ме: Үкіметте көрсеткіштер пысықталып жатыр

08.05.2026 14:58

Жалақыны айқындау кезінде бірқатар экономикалық фактор ескеріледі

Аlmaty.tv

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу мәселесіне түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ол бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында аталған бастама қазір пысықталып жатқанын айтты. Ең төменгі жалақыны айқындау кезінде бірқатар экономикалық фактор, соның ішінде еңбек өнімділігі мен медианды жалақы деңгейі ескеріледі.

С. Жұманғариннің сөзіне қарағанда, ең төменгі жалақыны көтеру туралы түпкілікті шешім мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне байланысты қабылданады.

— Ең төменгі жалақыны қай деңгейге көтеретініміз немесе оны көтеру мүмкіндігі бюджет мүмкіндігіне қарай ескеріледі, -деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сондықтан Үкіметте ең төменгі жалақының өсуі мүмкіндігінің параметрлеріне талдау жасау жалғасап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында үздіктер қатарына енді