СҚО-да заңсыз қоқыс орындарын анықтау күшейтілді

08.05.2026 21:27

Өңірдегі экологиялық ахуалды бақылауға спутниктік мониторинг пен арнайы геопортал тартылған

СҚО-да заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Өңірдегі экологиялық ахуалды бақылауға спутниктік мониторинг пен арнайы геопортал тартылған. Дегенмен мамандар нақты жағдайды рейдтік тексерулер арқылы анықтапты. Былтыр облыс аумағында жүзден аса бейберекет қоқыс орны тіркелген. Алайда, мамандардың айтуынша, рұқсатсыз қалдық тастайтын жерлер саны біртіндеп азайып келеді. Экология департаментімен бірлескен мобильді топ құрамында Табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті әкімдік өкілдері де жұмыс істейді. Тексеру қорытындысы бойынша алты ауылдық округ әкіміне 200 мың теңгеден аса айыппұл салынған. Сонымен қатар мамандар қоқыс орындарын кезең-кезеңімен тазалап, аумақтарға кіруді шектеу арқылы экологиялық жүктемені азайтуға тырысуда. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында қалдықтарды арнайы орындарға шығару бойынша түсіндіру жүргізіліп жатыр.

«Мобильді жұмыс тобы 7 рет рейдке шығып, Петропавл мен Қызылжар ауданында заңсыз қоқыс төгілген 14 орынды анықтады. Соған байланысты аталған бұл жерлерді жою және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тиісті хаттар жолданды. Егер қоқыс орындары жойылмаса, арнайы материалдар рәсімделеді. 2025 жылы Экология департаментіне 9 материал келіп түсті. Нәтижесінде 7 әкімшілік іс қозғалды», – деді ¤Экология департаментінің бас маманы Игорь Гах.

Оқи отырыңыз: Қостанайда жол апатынан бес адам зардап шекті