Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында үздіктер қатарына енді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді. 3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биылғы додаға Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Солтүстік Македония және басқа да мықты математикалық мектептері бар 24 мемлекеттен 148 қатысушы қатысты. Қатысушылар арасында әлемдік деңгейде танылған олимпиадалық мектептердің өкілдері болды. Осындай бәсекелі ортада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, тұрақты дайындық пен жүйелі жұмыстың жемісін дәлелдеді.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті.

Алтын медаль иегері:

  • Мұрат Тимур, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

  • Әлиасқар Сұлтанәлі – Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  • Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

  • Бейгғанов Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
  • Еркебұланұлы Әли – Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Аңсатов Арнұр – Қызылорда облыстық №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері – Қазақ-Америка университеті президенті Асылбек Исахов және «Астана-Нұра» зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ.

Оқи отырыңыз: Полицейлер заңсыз саудаға шығарылған қару-жарақты тәркіледі

Новости партнеров