Референдумға дейін:
13
күн
18
сағат
24
минут

Енесін пышақтап өлтірген келінге қатысты сот үкімі шықты

. Айыпталушының бес баласы бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысындағы Жасқайрат ауылында енесін пышақтап өлтірген 39 жастағы келініне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Сот айыпталушыны денсаулығына байланысты жазадан босатты. Белгілі болғандай келіншек параноидты шизофрения дертіне шалдыққан. Ол төсек тартып жатқан енесін өз әрекетінің мәнін түсінбей және ісіне бақылау жасай алмай өлтірген. Сотта әйелдің әрекеті куәлардың жауаптарымен, сараптамалық қорытындылармен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденгені айтылды. Айыпталушының бес баласы бар. Үлкені — 10 жаста, ал кенжесі — бірде.

Еске салсақ, қанды қылмыс былтыр жазда болған.

«Жақсылықова Самал Наурызбаевна ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, 3-тармағында көзделген қоғамға қауіпті іс әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР ҚК 16-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Жақсылықова Самал Наурызбаевна интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатрлық бөлімде мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Хамидуллина.

Оқи отырыңыз: Сабақ үстінде оқушыға қырыңдаған мұғалім мәселені шешу үшін ақша ұсынған

Новости партнеров