Энрике Иглесиас концерті: Алматының Орталық стадионы көрермендерге есігін ашты

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шара кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Қаладағы ауа райы да көңілден шығып тұр, көрермендердің көңіл-күйі де көтеріңкі. Алғашқы жанкүйерлер жиналып, стадион аумағы біртіндеп көрермендерге толып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Стадионға кіретін есіктер ашылды. Негізгі кіреберіс Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі жағынан ұйымдастырылған. VIP Standing A санатындағы билеттері бар көрермендер үшін Сәтбаев көшесі жағынан бөлек кіреберіс қарастырылған.

Көрермендерден қауіпсіздік талаптарын алдын ала ескеруді сұрайды. Концерт басталар алдында кезекке тұрмау үшін стадионға ертерек келіп, тексеру рәсімінен өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады.

Іс-шара кезінде Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бүгін қаладағы қоғамдық көлік, соның ішінде метро штаттық режимде жұмыс істейді. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер үшін тегін шаттлдар да ұйымдастырылады.

Алматы осылайша қонақтарын қарсы алып, биылғы күздің көптен күткен музыкалық кештерінің біріне дайындалып жатыр.

Оқи отырыңыз: Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді