Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған иппотерапияның пайдасы қандай

Олардың әрқайсысына білікті жаттықтырушы тағайындалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Иппотерапия – бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту әдістерінің бір түрі. Алматыда ерекше қажеттілігі бар балалар аптасына 3 рет ат үстінде жаттығады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл арқылы балалар физикалық және психологиялық түрде шынығады. Арнайы дайындалған жылқылармен өткізілетін сабақ барысында баланың тепе-теңдік сақтау қабілеті, бұлшықеті мен қимыл-қозғалысы дамиды. Сонымен қатар үйірмеге қатысушының эмоционалдық жай-күйі тұрақталып, өзіне деген сенімі артады. Оған қоса, өзгелермен қарым-қатынас жасау қабілеті мен әлеуметтік ортаға бейімделуі жақсарады. Мұнда 18 жасқа дейінгі денсаулығында ақауы бар жеткіншектер келе алады. Олардың әрқайсысына білікті жаттықтырушы тағайындалған.

«Балалар мұнда жыл бойы тегін қатысады. Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Қазір үйірмеге 50-ден аса бала келеді. Бұл терапия – ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған ең сұранысқа ие бағыттардың бірі. Дегенмен біздің сабаққа тек денсаулығында кінәраты бар балалар ғана емес, өзге де бүлдіршіндер де қатысады. Олардың арасында республикалық чемпионатта бақ сынап жүрген жүлдегелер де бар», – деді «Балалар – елдің болашағы» өңірлік қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Өтепқалиева.

«Сәуір айынан бастап иппо терапияға келдік. Қазір өзіміз нық отыра алатын болдық, нәтиже жақсы.. Баланың қабілеті и моторика дамып келеді», – деді ата-ана Марал Есболова.

Оқи отырыңыз: Алматыда кибершабуылға қарсы оқу-жаттығу өтті