Ерекше қажеттілігі бар балаларға кинологтар қалай көмектеседі
Балалар иттермен ойнап, түрлі кедергілерден өтеді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинология орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға жәрдемдесіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұжым «Сенім» медициналық-әлеуметтік орталығымен тұрақты түрде жұмыс істеп, курсын өткізеді. Онда балалар иттермен ойнап, түрлі кедергілерден өтеді. Кинологтардың сөзінше, мұндай іс-шара жеткіншектердің психикалық және эмоционалдық қабілетін дамытуға әсер етеді.
«Әр тоқсан сайын осылай ұйымдастырып тұрамыз. Одан бөлек, канистерапиядан ойнағаннан кейін кинология орталығының ұжымымен көңіл бөлу мақсатында сыйлық береміз», – деді ҚР ҚМА Кинология орталығы басшысының орынбасары Марат Күмісбаев.
Оқи отырыңыз: Жұмыс салдарынан 1000-нан аса адам психикалық дертке шалдыққан