Ерлан Қошанов Президенттің бір палаталы Парламент идеясын қолдауға шақырды

Реформа Конституцияға және конституциялық заңдарға өзгерістерді қажет етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов барлық фракция мен депутаттарды Президенттің бір палаталы Парламент идеясын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төменгі палата спикері 2022 жылғы конституциялық реформа барысында осы бағыттағы алғашқы қадамдар жасалғанын жеткізді. Сондықтан Мемлекет басшысының бұл бастамасы кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі, байыпты реформалардың жалғасы ретінде қабылдануы қажет екенін айтты. Ерлан Қошанов келесі жылы басталатын қоғамдық талқылауға барлық саяси партия белсене атсалысу керек екенін айтты. Өйткені, бұл реформа Конституцияға және конституциялық заңдарға өзгерістерді қажет етеді.

«Кешегі Жолдауында Президент келешектегі бір палаталы Парламентті партиялық тізіммен жасақтауды ұсынды. Бұл партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі. Биліктің мызғымас институты ретінде қалыптастырады.  Белсенді азаматтар ұстанымы мен көзқарасына сай келетін партияға мүше болу арқылы Парламентке келіп, елдің тағдырына араласа алады. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Оқи отырыңыз: ІІМ заң мен тәртіп турасында: қылмыс саны азайды

Новости партнеров