Ертеңіңді ойласаң, ғылымға инвестицияны аяма. Бұл - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректоры Мақсат Жақаудың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Ақордада Президент Тоқаев еліміздің ғалымдарымен жолыққанын тілге тиек етпі, соңғы кездері ғылымға қолдауды күшейгенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы, кейінгі 5 жылда ғылымға бөлінетін қаржының 6 еседен артқанын айтты. Яғни, жыл сайын 500 миллион доллардан астам қомақты қаржы құйылуда. Орасан зор қолдау.
Әрине, ғылымды дамытуға тек мемлекеттің қаражатына жүктесек, қателік болады. Бұнда Нарық та, бизнес те мүдделі болуы тиіс. Қазір ғылыми жобаларға инвестиция салатын бизнеске салық жеңілдігі беріледі. Бұл кәсіпкерлерді зерттеуге инвестиция салуға ынталандыру деген сөз. Өндіріс осылайша дамиды, егер әлемдік тәжірибені қарасақ. Қазір ғылымы дамыған ел озған. Дамыған мемлекеттерде, мәселен, АҚШ-тың ғылым саласына бөлетін қаражаты 700 млрд доллардан асады. Бұл ішкі жалпы өнімнің 4% жуығын құрайды. Жапония, Израиль, Оңтүстік Корея, Германия елдері де ғалымға қаржыны аямайды. Нәтижесінде үлкен жетістіктері жеткілікті», - деді ол.
Оның айтуынша, елімізде де жас ғалымдарға да қолдау көрсету қарқынды орын алды.
«Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы жас ғалымдардың ғылыммен алаңсыз айналысуы үшін қолайлы жағдай жасау керек екенін атап өтті. Осы бағытта елімізде 600-ден астам жас ғалымға баспана беріліп, арнаулы гранттар қарастырылған, шет елде оқу орындарында тәжірибе жинап, тағылымдамадан өтуі күшейді. Бұйырса, бұл да біраз уақыттан кейін мықты ғалымдардың буыны қалыптасуына жол ашады», - деді Мақсат Жақау
Оқи отырыңыз: Президент ғылым саласында зор жетістікке жеткен ғалымдарды марапаттады