Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

13.01.2026 18:55

Тергеу барысында аталған қылмысқа күдікті тұлға анықталып, ол қамауға алынған

Almaty.tv

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты резонансты іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергелген. Тергеу барысында аталған қылмысқа күдікті тұлға анықталып, ол қамауға алынған.

Ал істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Ол 2024 жылы Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесін жүргізіп, экс-министрге үкім шығарған.

Оқи отырыңыз: Атырауда 59 жастағы азамат жоғалып кетті