Есірткі қолданып, мас күйінде көлік тізгіндеген мемлекеттік қызметшілерге қандай төлем төленбейді

Мәжіліс тиісті заң жобасын қарады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді есірткі қолданып, мас күйінде көлік тізгіндеген мемлекеттік қызметшілер заңнан құтыла алмайды. Олар тәртіптік жауапқа тартылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс тиісті заң жобасын қарады. Құжатта мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретіні жазылған. Егер олардың жұмыстан тыс уақытта да психотроптық заттарды қолданып, теріс қылыққа бой алдырғаны анықталса, жазадан жалтарып кете алмайды. Қызметкерлер міндетті түрде медициналық тексерістен өтетін болады. Сондай-ақ оларға құмар ойын ойнауға тыйым салынады. Бұған қоса, қылмыс жасаса, ащы судан ұрттап немесе есірткі қолданып ауруға шалдықса, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер төленбейді. Құжатта жаңа әлеуметтік кепілдіктер туралы да жазылған.

Нақтыласам, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін өтемақы, еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс және зейнет жасына жеткенде біржолғы төлем төленеді. Мысалы, мемлекеттік органда кемінде 25 жыл жұмыс істегендер төрт айлық жалақыға тең жәрдемақы алуға құқылы.

«Бюджеттің жүктемесін күрт арттырмау үшін бұл шараларды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отар. Сондықтан 2026 жылы тек өңірлерге жұмыс бабымен ауысқандарға және зейнетке шыққан қызметкерлерге әлеуметтік қолдау қарастырылған», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.

Оқи отырыңыз: ЖИ-контентке жаңа талап: әлемде қатаң реттеу күшейді

Новости партнеров