Есірткіге жол жоқ: Алматыда профилактикалық акция өтті

Медеу аудандық тәртіп сақшылары  былтыр психотропты заттарды жарнамалаған 16 адам ұсталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есірткіге жол жоқ. Алматының Медеу ауданында дәл осындай атаумен профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға полиция қызметкелері, еріктілер мен студенттер қатысып, көше-көшені аралап, тыйым салынған заттарға қатысты жарнамаларды анықтады. Нәтижесінде 50-ден астам граффити-жазулар жойылды.

Мұнымен қоса, қала тұрғындарына ақпараттық парақша таратылып, есірткінің зияны мен заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.

Айта кетейік, Медеу аудандық тәртіп сақшылары мұндай рейдтерді апта сайын өткізеді. Сәйкесінше, былтыр психотропты заттарды жарнамалаған 16 адам ұсталған.

«Стоп, наркотик» акциясы жүргізілуде. Қазіргі таңда 13 экипажды құрылым құрылып, сағат 15:00- ден бастап, 19:00-ге дейін акция жүргізіледі. Көпшілікке  наркотик акциясына бірлесіп, көмек  берулеріңізді сұраймыз», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында 20 ауыл ішімдіктен бас тартты

Новости партнеров