Ескі дәуірде қалып қойған үй: Ақтауда тұрғындар МИБ жұмысын сынады

Жаңбыр жауып, қар түссе, төбедегі шұрқ тесіктен сорғалаған су бірінші қабатқа дейін жетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 28 «А» шағынауданның тұрғындары «қарапайым тазалық пен жөндеу жүргізуден мақұрым қалдық» деп шағымданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Адам көргісіз күйге түскен үйлер көпшілік айтса айтқандай екен. Кіреберістегі қабырғаның сиқы мынау, сылағы түсіп жатыр. Құдды бір ескі дәуірде қалып қойған үй сияқты. Электр тоқтары ашық-шашық күйде тұр, қауіпсіз деуге келмейді. Подъезд бен ауланың қоқысы айтпаса да көзге ұрып тұр. Ал жаңбыр жауып, қар түссе, төбедегі шұрқ тесіктен сорғалаған су бірінші қабатқа дейін жетеді екен.  

«Жертөле шіріп жатыр. Ішіндегі құбырлар соңғы рет қашан ауыстырылды белгісіз. Электр тоқтары шығып тұр. Әлі жылу жоқ», – деді қала тұрғыны Ғалия Исмағамбетова.

Тұрғындар мәселенің қордаланып қалуына үйге қызмет көрсетуші мекеменің басқарушысын кінәләйді. Көпшілік «МИБ төрағасы тек ақша жинауды біледі» деп отыр. Тіпті кейбір үйдің жертөлесін жалға беріп, заңсыз пайда табатын көрінеді. Сондықтан бірлестік төрайымын ауыстыруды талап етіп отыр. Ал әкімдік өкілдері бұл шешім тұрғындардың өз құзіретінде екенін айтты. 

«Тұрғындардың шағымы бойынша жиналыс жасап, кемшіліктердің бәрін көрсеттік. Мүлік иелері бірлестігінің тікелей жауапкершілігінің жоқтығы көрініп тұр. Сол кісілер жұмысты ұйымдастыруы керек еді», – деді қалалық Тұрғын-үй инспекциясының басшысы Нұраддин Көшербаев.

Десе де әкімдік өкілдері дәлелденген айғақты факт болса, тұрғындардың жазған арызымен заң аясында тексеріс жұмыстарын жүргізе алатындарын айтты. Егер арызда көрсетілген кемшіліктер анықталса, тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес МИБ-ке айыппұл салынады.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрдәулет, Нұрсұлтан Нұржанов, Маңғыстау облысынан

Оқи отырыңыз: Интимдік видеоға түсіріп, ақша табуды көздеген: Алматы облысында жетім қыз сыныптастарынан зорлық көріп келген

Новости партнеров